Смотрите все товары категории
Смотрите все товары категории


Бұл бейімделгіш жаттығу жоспарлары тәжірибелі жаттықтырушылардың ұсыныстарын қамтиды және сізге әрі мақсаттарыңызға бейімделетін тегін жаттығу жоспарларын ұсынады. Жаттығулар тікелей сағатпен синхрондалады.

Жүгіру, велосипед тебу, триатлон, бассейн мен ашық суда жүзу, трек бойынша жүгіру және басқа да көптеген әрекеттерге арналған кіріктірілген жаттығу профильдерін алыңыз. Жарыстар мен «кірпіш» жаттығуларында спорт түрлерін бір батырмамен ауыстырыңыз.

Пульс көрсеткіштерін, сондай-ақ пульстің тым жоғары не тым төмен екені туралы ескертулерді алыңыз. Жүктеме қарқындылығын тіпті су астындағы жаттығулар кезінде де бағалай аласыз.

Тек GPS-пен салыстырғанда күрделі жағдайларда бақылау үшін бірнеше жаһандық спутниктік навигация жүйесіне (GPS, ГЛОНАСС және Galileo) қол жеткізу.

Үйлесімді аксессуармен пайдаланғанда Forerunner 945 қадам жиілігі, қадам ұзындығы, жермен жанасу уақыты, теңгерім және басқа да маңызды жүгіру көрсеткіштерін өлшейді.

Күтілетін нәтижелеріңіздің көрсеткіші — VO2 max арқылы ақылмен жаттығыңыз. Бұл көрсеткіш тіпті ыстық пен биіктіктен туындауы мүмкін өнімділік өзгерістерін де ескереді.

Жүгіру кезінде Forerunner 745 ағымдағы жұмысқа қабілеттілігіңізді нақты уақытта бағалау үшін қарқынды, жүрек соғу жиілігін және жүрек ырғағының өзгергіштігін талдайды.

Бұл көрсеткіш жаттығуларыңыздың нәтижелі екенін, шыңға жетіп жатқаныңызды немесе шамадан тыс жүктеп жатқаныңызды білуіңіз үшін соңғы жаттығу тарихыңыз бен тиімділік көрсеткіштерін бағалайды.

Аэробтық және анаэробтық жаттығу әсері бойынша кері байланыс арқылы жаттығуларыңыздың төзімділікті, жылдамдықты және күшті дамытуға қалай әсер ететінін көріңіз.

Бұл статистикалық көрсеткіш соңғы 7 күндегі жаттығу көлеміңізді өлшеп, оны физикалық формаңыз бен соңғы жаттығу тарихыңызға сай оңтайлы ауқыммен салыстырады.

Өзіңізге және дайындық деңгейіңізге сай жаттығу ұсыныстарын алу үшін ағымдағы жаттығу жүктемеңіз бен жаттығу статусыңызға негізделген күнделікті жүгіру мен велосапарлар бойынша ұсыныстар алыңыз.

Әр жаттығудан кейін кіріктірілген қалпына келу уақыты кеңесшісі келесі үлкен жүктемеге дейін қанша демалу керектігін хабарлайды. Ол тіпті күндізгі стрессті, ұйқыны және жаттығудан тыс күнделікті белсенділікті де ескереді.

CDC мен ДДҰ ұсыныстарына негізделген жақсартулардың арқасында енді күнделікті қарқынды минуттарды қашан және қандай белсенділік кезінде жинағаныңызды түсіне аласыз.

Түсінікті анимацияланған кардио, күш жаттығулары, йога, пилатес және жоғары қарқынды интервалдық жаттығуларды Garmin Connect™ қолданбасынан жүктеуге болады.

Смарт-сағат режимінде 2 аптаға дейін және музыкамен GPS режимінде 10 сағатқа дейін автономды жұмыс. Ең ұзақ жарыстың өзіне де қуат жеткілікті болуы үшін UltraTrac™ режимін пайдаланыңыз.

Қала көшелерімен жүгірсеңіз де, қалың өскен соқпақтармен жүрсеңіз де, Forerunner 945 жолдан адаспауға көмектесетін кіріктірілген карталарды ұсынады.

Жүктелген трассаларда ClimbPro өрлеу жоспарлағышын пайдаланып, ағымдағы және алдағы өрлер туралы ақпаратты, оның ішінде еңістікті, қашықтықты және биіктік жинағын нақты уақытта қараңыз.

Келесі бұрылыс жақындағанын алдын ала хабарлайтын қадамдық нұсқаулармен маршрут не трасса бойымен жүріңіз.

Жүргіңіз келетін қашықтықты енгізіп, сізді бастапқы нүктеге қайтаратын ұсынылған маршруттарды алыңыз. Trendline™ танымалдық маршрутизациясы ең жақсы жергілікті маршруттарды табуға көмектеседі.

Білектегі бұл Pulse Ox датчигі кеңейтілген ұйқы мониторингі мен биіктікке бейімделуді қолдау үшін қанның оттегімен қанығу деңгейін бақылайды.

Белсенділік пен демалысқа ең қолайлы уақытты табу үшін ағзаңыздың энергия деңгейін бақылаңыз.

Ұйқы сапасының бағасын алып, оны қалай жақсартуға болатынын біліңіз. Тіпті ұйқының әртүрлі кезеңдерін, сондай-ақ жүрек соғу жиілігін, стрессті, Pulse Ox пен тыныс алуды бақылаңыз.

Етеккір циклін немесе жүктілікті бақылау үшін Garmin Connect қолданбасын пайдаланыңыз. Симптомдарды тіркеп, дене жаттығулары мен тамақтану туралы ақпарат және басқа да мәліметтер алыңыз. Етеккір циклін бақылау виджеті мен жүктілікті бақылау қолданбасы арқылы толық ақпаратты білегіңізден алыңыз.

Spotify®, Deezer немесе Amazon музыкалық аккаунттарынан 500-ге дейін ән мен ойнату тізімдерін жүктеңіз (жазылым қажет болуы мүмкін).

Қатысушы провайдерлер арқылы Garmin Pay байланыссыз төлем шешімінің көмегімен кассадан тез өтіп, көлік жүйелерінде төлеңіз.

Сағатыңыз үйлесімді смартфонға қосулы болса, электрондық хаттар, мәтіндік хабарламалар мен ескертулер тікелей оған келеді.

Достарыңыз бен отбасыңыз орналасқан жеріңізді нақты уақытта бақылап6, тіпті алдын ала жоспарланған бүкіл трассаны көре алуы үшін LiveTrack-ті пайдаланыңыз. Жақындарыңыз қай жерде жүгіріп не жүріп келе жатқаныңызды нақты біледі.
Өзіңізді қауіпсіз сезінбесеңіз немесе сағатыңыз оқиға болғанын анықтаса, көмек және оқиғаны анықтау функциялары орналасқан жеріңізді төтенше жағдайға арналған контактілерге жібереді.

Сағатыңыздағы трассаларды немесе жаттығуларды пайдаланғанда трассаны модельдеу, кедергіні автоматты өзгерту және жаттығу нұсқаулары үшін ANT+® технологиясы арқылы Tacx® Smart велотренажёрыңызды басқарыңыз.

Connect IQ Store-дан жеке циферблаттар жүктеп, деректер өрістерін қосыңыз, қолданбалар мен виджеттер алыңыз.

Белсенділіктеріңізді Garmin Connect қолданбасына жүктеп, белсенді адамдар байланысып, жарысатын, тіпті жеңістерімен әлеуметтік желілерде бөлісетін қарқынды дамып келе жатқан онлайн-қауымдастыққа қосылыңыз.
Только купили или получили в подарок? Как настроить Garmin за 15 минут →
Бесплатные официальные приложения Garmin. При покупке в iFit поможем всё настроить.