Смотрите все товары категории
Смотрите все товары категории
Төмен жиілікті динамиктің, жоғары жиілікті динамиктің және баптау бағдарламасының арқасында Nest Audio бөлмеңізді анық вокал мен қуатты баспен толтырады. Nest Audio түпнұсқа Google Home-нан 75% қаттырақ және басы 50% күштірек.
Nest Audio ортаңызға және не тыңдап отырғаныңызға бейімделеді. Сондықтан музыка жақсырақ естіледі. Ал жаңалықтар, радио мен аудиокітаптар одан да анық естіледі.
Үйіңізді барлық Nest динамиктері мен дисплейлерінің дыбысымен толтырыңыз. Хабарламалар таратып, бөлмелер арасында сөйлесіп, қоңырау шалыңыз.
«Окей, Google, 5 минутқа таймер қой» сияқты бірдеңе айтсаңыз, хабарландыруды дәл уақытында аласыз. Google-дан ауа райы, жаңалықтар немесе әлемдегі қызықты фактілер мен оқиғалар туралы сұраңыз.
Nest Audio құпиялылығыңызды қорғауға арналып жасалған. «Окей, Google, жаңа айтқанымды өшір» деп айтып, тарихыңызды жоя аласыз. Микрофондарды физикалық түрде өшіру үшін артқы панельдегі микрофон ауыстырғышын қызғылт сары түс көрінгенше жылжытыңыз.
Жеке ақпаратыңызды басқару үшін қонақ режимін пайдаланыңыз. Қонақ режимі қосулы кезде әркім жеке күнтізбелеріңіз бен контактілеріңізді көрмей-ақ, сұрақ қою, таймер орнату немесе музыка ойнату сияқты танымал функцияларды пайдалана алады.
Nest Audio-дан жай ғана сұраңыз…
Жарықты, жылытуды қосыңыз, радио дыбысын бәсеңдетіңіз және т. б. Nest Audio тікелей Google Home қолданбасында оңай бапталатын үйлесімді ақылды құрылғыларыңызбен жұмыс істейді.
Nest Aware жазылымымен Nest Audio әйнектің сынуы немесе түтін өрт дабылының іске қосылуы сияқты әдеттен тыс дыбыстарды анықтап, сізге ескерту жібере алады.
