Жұмыс принципі
Датчиктің іске қосылғаны туралы дыбыстық сигнал мен жарықдиод арқылы хабарлайды. Сигналдың дыбыс деңгейі мен ұзақтығы мобильді қолданбада бапталады.
Ерекшеліктері
Шаң мен ылғалдан қорғаудың IP54 дәрежесі бар. 12 В тұрақты токтың сыртқы көзінен жұмыс істей алады. Кіріктірілген акселерометр сиренаны шешіп алуға әрекет жасалғанда дабыл көтереді.
Орнату және монтаждау
Қораптан шығысымен жұмысқа дайын: батарея орнатылған, сондықтан сиренаны бөлшектеудің қажеті жоқ. Мобильді қолданбада хабқа бір шертумен қосылады. SmartBracket бекіткішіне бірнеше минутта орнатылады.